Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 18 Қаңтар, 2023

Өзгеріс жасамас бұрын алдымен сынап, тексеріп көр...

Ford Motors компаниясының негізін қалаушы Генри Форд бірде  жұмысқа тұрғысы келген екі жігітті кешкі асқа шақырды.
Екеуі де техникалық университетті өте жоғары бағамен бітірген инженерлер болатын.
Тамақтан соң мейрамханадан шығып келе жатқан жолда Форд  екеуіне қарата:
- «Кешкі аста бірге болғанымызға қуаныштымын...
Мен сені жұмысқа алдым, ал сені бұл жолы қабылдамауды шештім», - депті...
Жұмысқа алудан бас тартқан жігіт шыдай алмай:
- Кешіріңіз, Форд мырза...
Сізге  сұрақ қойуыма бола ма?
Кеш бойы біздің оқыған мектебіміз, көліктеріміз немесе техника-технология туралы ештеңе сөйлескен жоқпыз...
Тек жалпы нәрселер туралы ғана әңгімелестік...
Сіз  не себепті досымды жұмысқа қабылдап, мені қабылдамау туралы шешім шығарғаныңыз туралы айта аласыз ба?
Форд:
Иә, мен бұл шешімге 2 себеп бойынша келдім.
1-ші, сіздің досыңыз стейктің дәмін татып көріп, сосын тұз қосты.
Ал сіз стейкті алдымен тұздап, сосын кейін дәмін татып көрдіңіз.
Өзгеріс жасамас бұрын алдымен сынап, тексеріп көретін адамдар маған ұнайды.
2-ші, сіздің досыңыз кеш бойы қызметшілермен және даяшылармен өте сыпайы болды...
Ал сіз маған сыпайы болсаңыз да, оларды елемедіңіз, "- деп жауап берген екен...


Амантай Тойшыбайұлының Facebook парақшасынан

Фото: ашық дереккөз

 

847 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз