Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 22 Қаңтар, 2023

Кіммен ренжіссең де  жүрегіңнің түкпірінде татуласуға орын қалдыр


Күн сәулесі сияқты жарық пен жылу таратып жүретін адамдарға жақын бол. Сонда сен де солар секілді жарық шашатын боласың.
Адамды досына қарап бағала деп соны айтады.

Әлемнің тартылыс заңы  қаласақ та, қаламасақ та бізге қызмет етеді. Сен үнемі бәрін істеп қоюға тиіс емессің. Кейде барлығын тоқтатып, ештеңе де істемей қою дұрыс, тіптен  сөйту керек. 
Өмір оңай емес...
Сен тіптен күштірек, әрі  ақылдырақ болуың керек.
Кіммен ренжіссең де  жүрегіңнің түкпірінде татуласуға орын қалдыр.
Көңілің тыныш болса, қалағанның бәрін өзіңе қарай магниттей  тартатын боласың. Әлемнің тартылыс заңы тілесек те, тілемесек те  бізге қызмет етеді. Өзіңе жақсылықты тартасың ба әлде жамандықты тартасың ба, ол саған  байланысты.

Мардымсыз аз істеме. Тым көп те істеме. Күн сайын істе.
Сенің  бір күнің 1000 түрлі шағын шешімдерден тұрады.
Сенен де  өткен  бақытсыз адамдар туралы  бір минут ойлан. Сол кезде сенің қиналғаның өзіңе  бақыт сияқты сезілетін болады.

...Өмірге шүкіршілік ету, күлу, ән айту, біреуді жақсы көру, құшақтау, біреуге көмектесу  тағысын сол сияқты еш  себепсіз бақытты пайда болдыратын амалдар өте  көп.

Осылардың қай бірін орындау үшін  күн сайын талпын.
Істемеуге де болады.  Бәрібір сенікі жөн ...
Қалай болғанда да, бүгін сен  үшін шынымен тамаша күн болады. 


Амантай Тойшыбайұлының Facebook парақшасынан. 

 

870 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз