Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қаңтар, 2023

“Қазақ газеттері” қайта құрылды

Алматыға жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі "Қазақ газеттері" ұжымымен кездесті. 

Жақында ғана қайта жасақталған ұжым құрамына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары кіреді.

Кездесу барысында екі ұжымның бірігуіне орай Думан Анаш «Қазақ газеттері" бас директордың орынбасары – Алматы филиалының басшысы, Ерлан Жүніс "Ана тілі" газетінің бас редакторы және Асыл Сағымбеков «Мысль» журналының бас редакторы болып тағайындалғаны айтылды.

Министр өз өтініштері бойынша жұмыстан босаған белгілі қаламгерлер Шамшиддин Паттеев пен Қали Сәрсенбайға және "Мысль" журналының бас редакторы Аяған Сандыбайға  жемісті еңбектері үшін алғыс айтып, арнайы салалық медальдармен марапаттады.

Министр кездесуде “Дружные ребята” газетінің 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, газеттің бас редакторы Әлімжан Ақбаров пен бас редактордың орынбасары Ольга  Гумированы  “Еңбек ардагері” медальдарымен марапаттады. Сондай-ақ газет тілшілері Сарина Акашева мен Ольга Рыбкина алғыс хатпен марапатталды. 

Жиын қорытындысында Дархан Қыдырәлі жуырда ғана жаңа ғимаратқа көшкен ұжым қызметкерлерінің жалақасы өскенін, қаламақы мен сыйақы көтерілгенін айтты.

Сондай-ақ жаңа басшылық алдына тиісті міндеттер қойды.

 

858 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз