- Инфографика
- 24 Қаңтар, 2023
Тұрғын үй нарығында салқындық сезіледі

Тұрғын үй объектілерін сатып алу-сату мәмілелері қарашамен салыстырғанда желтоқсанда 2,1 есеге, ал пандемиялық 2020 жылдың соңғы айымен салыстырғанда 3 есеге асып түскен 2021 жылдың аяғындағы қуатты айырмашылыққа қарағанда, 2022 жылдың соңғы айында тиісінше 0,6%-ға және 2,8 есе төмендеген.
Жалпы алғанда, бүкіл өткен жылы мәмілелер саны 21,5%-ға азайған, ал 2021 жылы өсім екі есеге жуық (96,8%-ға) көрсеткішті құраған. Тұрғын үйлер нарығының осыншама айқын түрде «салқындауының» түйінді факторларының бірі – былтыр тұрғын үй жағдайларын жақсартуға зейнетақылық жинақтарын пайдалану үшін БЖЗҚ-дан төлемдердің 2021 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге, 703,0 миллиард теңгеге дейін айтарлықтай құлдырауы себеп болған. Сонымен қатар зейнетақылық біржолғы төлемдердің орташа көлемі де күрт төмендеген: 2022 жылы бұл 1,2 миллионды құраса, 2021 жылы – 3,4 миллион теңге болған екен (инфографика).
Статистикалық мәліметтер бойынша 2022 жылдың желтоқсанына тұрғын үйлерді сатып алу-сатудың 33 587 мәмілесі, оның ішінде 7 554 мәміле жеке үйлер бойынша және 26 033 мәміле пәтерлер бойынша (2021 жылдың желтоқсанында, тиісінше 94 988, 19 533 және 75 455) тіркеліпті.
Бұл ретте егер бір жыл бұрын Қарағанды облысы (11 870) және Алматы (10 448) көш бастаса, өткен желтоқсанда көш басынан – Алматы (8 063) мен Астана (5 004) көрінген. Бұл көрсеткіш бойынша көш соңында қалғандар да өзгерген: қазір ол – Ұлытау облысы (343 мәміле), осыдан бір жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысы (1 709) еді.
Сондай-ақ тұрғын үйлер бойынша мәмілелерде көппәтерлі үйлерде бір бөлмелі пәтерлер көш бастаған. 26 033 мәміле ішінде 10 384-і осындай пәтерлер бойынша тіркелген. Олай болатын жөні де бар, мұндай пәтерлер жалдамалы тұрғын үй нарығында көбірек сұранысқа ие. Жеке үйлер бойынша мәмілелер саны 7 554 көрсеткішін құрапты, бұлар бойынша неғұрлым көбірек мәміле Маңғыстау облысында, ал төмендеу Қарағанды облысында байқалған.
Жылдық өрнекте, яғни, 2022 жылдың желтоқсанына тұрғын үйлерді сатып алу-сату мәмілелері елдің барлық аймағында, оның ішінде Шығыс Қазақстан (83,6%) және Маңғыстау (82,9%) облыстарында барынша төмендеген. Осы ретте өткен жылдың мәліметтері бойынша көбірек құлдырау Маңғыстау (49,2%) және Атырау (44,9%) облыстарында қалыптасқан.
Тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелері төмендеуімен қатар, өткен жылдың аяғында бұл нарықтағы бағалар да төмен құлдилады, мұндай жағдай 2018 жылдың наурызынан бері байқалмаған еді. Қайталама нарықтағы пәтерлерді қайтадан сату бағалары қарашамен салыстырғанда желтоқсанда 1,5%-ға, еліміз бойынша орта есеппен 482 197 теңгеге дейін төмендеген. Бұл ретте тұрғын үйлер мейлінше көбірек дәрежеде Астанада (5,1%), Шымкентте (2,7%) және Ақтауда (1,6%) арзандаған. 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда пәтерлерді қайтадан сату 21,6%-ға өскен, бұл желтоқсандағы жылдық инфляциядан (20,3%) да, теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары шекті мөлшерлемеден (18,3%) де асып түскен. Осындай әдіспен есептеу барысында өсім қарқыны бойынша Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай (32,4%) көш бастаған.
Желтоқсанда қарашамен салыстырғанда тұрғын үйді жалдау ақысы 1,6%-ға төмендегенмен, жылдық көріністе пәтерлерді жалдау 45%-ға шарықтап кеткен, бұл жылдық инфляция мен теңгелей депозиттер бойынша ең жоғары шекті мөлшерлемелерден екі еседен асып түскен. Бір жылда жаңа тұрғын үй 15,6%-ға қымбаттаған, бұл жылдық инфляция мен теңгелей депозиттер бойынша ең жоғары шекті мөлшерлемелер деңгейінен төмен. Жалпы, деңгейден жоғары бағалар Ақтөбеде (29,3%), Ақтау (26,6%) және Семейде (22,3%) көтерілгені байқалады (кесте).
Құрылысшылар енді басталған жылы ипотека саласында ауқымды қаржылық бағдарламалардың ықшамдалуы жағдайында іске қосылатын тұрғын үйлердің көлемі қысқаратынын, зейнетақы жинақтарының ағысы азаятынын, теңгенің долларға бағамы әлсірейтінін және құрылыс материалдарының қымбаттайтынын болжайды.
ИСА ҚАМБАР

373 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *