Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 26 Қаңтар, 2023

2022 жылы 38 мыңдай алтын құйма сатылды

2022 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 1,1 тонна 37 940 алтын құйма сатылды, - деп хабарлайды ҚҰБ баспасөз қызметі.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және кері сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,8 тоннадан астам 112 845 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 гр. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 5 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 30,5% – 11 558 дана. Одан кейін 20 грамдық алтын құймадан сатылғаны – 8 605 дана (23%), 10 грамдық құймадан – 8 548 дана (22,5%), 100 грамдық құймадан – 6 462 дана (17%), ал 50 грамдық құймадан – 2 767 дана (7%). Алтын құймалар Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында көп сатылады.

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, құймаларды кері сатып ала алады.

2022 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген пунктер жалпы салмағы 201,4 келі 7 703 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – 2022 жылы сатылған алтын құймалардың 20,3%-ы. Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдарына қайтарылмай-ақ, қайтадан халыққа сатылды.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды бірқатар екішні деңгейлі банктер, сондай-ақ банктік емес жекелеген пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.

832 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз