Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Қаңтар, 2023

Арыста көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Арыста көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды желтоқсан-қаңтар айларында қардың көп түсуін ескере отырып, көктемгі қар еру кезінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту үшін тиісті тапсырмалар берген болатын.

Осыған орай, Арыс қаласына қарасты Қызылкөпір (Екпінді) елді мекенінде орналасқан Бөген өзені арнасын арнайы техника көмегімен кеңейту және тереңдету, өзен арнасын тазалау, жағаны бекіту секілді шаралар атқарылуда.

Тиісті жұмыстарды Дермене ауылдық округі әкімдігі мен «Тұран су» МКК-ны бірлесіп жасап жатыр.

Өзен бойына жақын тұратын ауылдықтар атқарылып жатқан жұмыстарға өз алғыстарын білдіруде.

Бүгінгі таңда, мамандар Сырдария, Арыс өзендері бойына белгілер қойып, судың деңгейі мен мұздың қалыптасу жағдайына күнделікті бақылау жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, құлақтандыру жүйесі дайындыққа келтірілген.

544 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз