Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 30 Қаңтар, 2023

Алматыда Ауғанстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан-Неміс университеті (ҚНУ) жанындағы ЮНЕСКО кафедрасымен және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп әйелдер кәсіпкерлігі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты бизнес жүргізу мәселелері бойынша дағдыларды нығайту және тәжірибе алмасу арқылы Ауғанстаннан кәсіпкерлік саласындағы қатысушылардың әлеуетін арттыру болды.

Спикерлер ретінде әртүрлі қызмет салаларындағы қазақстандық кәсіпкер әйелдер сөз сөйлеп, өз баяндамаларын таныстырып, қатысушылармен пікірталас өткізді.

Бұл дөңгелек үстел Ауғанстаннан келген әйелдердің экономикалық құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған KazAID, ҚНУ мен БҰҰ Даму бағдарламасының әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы алғашқы бірлескен іс-шарасы болды.

280 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз