Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Қаңтар, 2023

СҚО-да жоғалған 10 жасар бала табылды

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында 200-ге жуық адам із-түссіз жоғалған 10 жасар баланы екі тәулік бойы іздеді. Оны табуға қызметтік ит көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Баланың жоғалғаны туралы ақпарат 26 қаңтар күні белгілі болды. Іздеу шараларына полицейлерден бөлек, өрт сөндіру бөлімі, ТЖ бөлімі және аудан әкімдігінің қызметкерлері жұмылдырылды. Облыстық полиция департаментінен екі іздеу тобы көмекке келді. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына Жасқайрат, Қайрат, Қулыкөл ауылдарының және басқа да ауылдардың тұрғындары көмек көрсетті.

Біреулер жаяу, енді бірі автокөліктер мен жылқылар мініп келіп, төңіректі қарады. 27 қаңтар күні бала аман-есен бос тұрған үйден табылды. Бұл үйдің иелері жол жүріп кеткен. Оны аудандық полиция бөлімінің кинолог-инспекторы Нұрлан Жауар Цефей есімді неміс овчаркасының көмегімен тапты.

– Бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің қарауында. Ювеналдық полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Баланың отбасымен жұмыс жүргізілетін болады. Полиция бөлімі басшылығының және жеке құрамның атынан іздеу жұмыстарына қатысқан ауданның барлық тұрғындарына алғысымды білдіремін, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Алижанов.

678 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз