Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Қаңтар, 2023

Әлімханұлы The Ring рейтингісінде үздік үштігіне енді

Беделді The Ring журналы әр салмақ дәрежесі бойынша үздік боксшылардың жаңа рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Орта салмақтағы тізімде қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр. Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы қазір вакантты. Геннадий Головкин бұл салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болса, Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша белбеу иегері.

The Ring нұсқасы бойынша ең үздік орта салмақтағы Топ-10 боксшы:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)
2 (3). Хайме Мунгия (Мексика)
3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
4 (6). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
5 (-). Лиам Смит (Ұлыбритания)
6 (7). Риота Мурата (Жапония)
7 (8). Сергей Деревянченко (Украина)
8 (9). Эрисланди Лара (Куба)
9 (10). Феликс Кэш (Ұлыбритания)
10 (5). Кіші Крис Юбенк (Ұлыбритания)

361 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз