Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Қаңтар, 2023

Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия Чемпионаты өтеді

2023 жылдың 10-12 ақпан аралығында Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия Чемпионаты өтеді. Ауқымды іс шараға 500-ден астам спортшы қатысуы тиіс.

Чемпионат Астана қаласындағы «Qazaqstan» спорт кешенінде жоспарланған. Жарыс Азия жеңіл атлетика қауымдастығы күнтізбесіндегі ең маңызды әрі ауқымды іс-шараларының бірі.

Айта кетейік жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия Чемпионаты ТМД елдері аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 31 ден астам елден келген спортшылар қатысады.

Байрақты бәсекеде спортшылар жүгіру, секіру және көпсайыс сияқты спорттың жиырма алты түрінен сынға түседі.

Әйелдер:

1. Жүгіру - 60 м;

2. Жүгіру - 400 м;

3. Жүгіру - 800 м;

4. Жүгіру - 1500 м;

5. Жүгіру - 3000 м;

6. Кедергілермен 60 жүгіру;

7. Ұзындыққа секіру;

8. Биіктікке секіру;

9. Үш қарғып секіру;

10. Сырықпен секіру;

11. Ядро

12. Эстафета-4x400 м;

13. Бессайыс.

Ерлер:

1. Жүгіру - 60 м;

2. Жүгіру - 400 м;

3. Жүгіру - 800 м;

4. Жүгіру - 1500 м;

5. Жүгіру - 3000 м;

6. Кедергілермен 60 жүгіру;

7. Ұзындыққа секіру;

8. Биіктікке секіру;

9. Үш қарғып секіру;

10. Сырықпен секіру;

11. Жетісайыс;

12. Эстафета-4x400 м;

13. Ядро

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңес мүшелері, Азия елдері федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.

Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

365 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз