Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 31 Қаңтар, 2023

Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды

Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы Семей тұрғынын тапты,- деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

"30 қаңтарда "102" арнасына 34 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 15 жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Қыз үйден шығып кетіп,қайта оралмаған.

Қыздың жоғалып кету фактісі Әуезов полиция бөлімінде тіркелді. Оны іздеуге Абай облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы бағдарланды. Іздеуге 150-ден астам полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Іздеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары жоғалған жасөспірім болуы мүмкін жерлерді қарады.  Полиция қызметкерлері қыздың қайда екенінен хабардар болуы мүмкін көптеген адамдардан жауап алды.

Облыс орталығының қырағы тұрғынының ақпараты бойынша қыздың шамамен орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік туды.

Іздеу іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары қызды көшеден табады. Қазіргі уақытта бала ата-анасына табысталып, профилактикалық әңгіме жүргізілді",- делінген хабарламада. 
 

Фото: t.me/dp_abai жариялаған видеодан скрин

314 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз