- Айна
- 31 Қаңтар, 2023
Астана мен Челябинск арасында әуе рейсі ашылады
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
«Азаматтық авиация комитеті халықаралық қатынасты одан әрі жаңғыртып, ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Астана – Челябинск бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді ашу мәселесін қарастырды.
Бұл қолға алынған жұмыстың нәтижесінде қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы биыл 13 ақпаннан бастап De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағымен аптасына жиілігі 3 рейспен жалғасатын Астана – Челябинск маршрутымен тұрақты жолаушылар рейстерін іске асыруды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Фото: ашық дереккөзден
283 рет
көрсетілді0
пікір