- Құмсағат
- 31 Қаңтар, 2023
Түркістан облысында қазақ күресінен жастар чемпионаты өтті

Кентау қаласында қазақ күресінен жастар Түркістан облысының чемпионаты аяқталды, - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жас балуандардың боз кілемдегі белдесуіне өңірдегі жас балуандар қатысып, бақтарын сынады. 2003-2004 жылы туған спортшылар белдесіп, 9 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.
55 келіде белдескен Розимон Тугушов пен 60 келі салмақтағы жас балуан Наурыз Рысбай алтын медаль иеленді. 72 келі салмақта жеңіске жеткен Думан Рахман мен облысымыздың үміті 66 келі салмақта сынға түскен Саурбай Аманкелді турнир жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар қазақ күресінен талай додаларда топ жаруды мақсат еткен Бексұлтан Құлмырза мен Асылбек Жалғасбек, Нұрлыбек Асенов, Мақсат Махмадхашамұлы, Сардар Абдусамитұлы да жеңістің шыңын бағындырды. Түркістан облысы бойынша қазақ күресінен жастар құрамасының аға бапкері Ерлан Сыздықовтың пікірінше, балуандар жоғары дайындықпен келген. Жүлдегер атанған балуандар ақпан айында Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.

158 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *