- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 31 Қаңтар, 2023
Тоқаев Астанадағы жолдардың сапасын сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы жолдардың сапасы туралы айтты.
"Қала жолдарының жай-күйі де мәз емес. Мысалы, кейбір көшелер жыл сайын жөнделеді. Бірақ көктем шыққанда жолдың сапасы сын көтермейді", - деді.
Президенттің айтуынша, кейбір жолдар толығымен қараусыз қалған.
"Бұл - жол салу және жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмейді деген сөз. Бұл мәселені Үкімет мен әкімдік арнайы қарауы керек. Қажет болса, мердігерлерді ауыстыруға тиіс", - деп қосты Мемлекет басшысы.

111 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *