Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 09 Ақпан, 2023

Жапондық ойлау: Өзіңе жағымсыз нәрсені өзгеге ешқашан жасама

Бұл жолы мен сіздерге жапон мәдениетінен дәм таттырғым келді.

Жапония тек бізден ғана емес, басқа елдерден айтарлықтай ерекшеленетін, қазіргі жаһандану қоғамында бұл дәстүрлі әдет-ғұрыптарды біртіндеп қабылдай отырып, заманауи мәдениетті қабылдайтын керемет ел.
Жапондықтар өздерінің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері туралы бастауыш сыныптан үйретеді.  Тек мәдениетті ғана емес, тіпті жапондық ойлау мен моральды үйретеді.  Осы жолы жапондық ойлаудың үш «тамшысын» ғана айтып өтейін.

1. 5 МИНУТ БҰРЫН ҚОЗҒАЛУ (5 分 行動)
Бұл  мектепке, жұмысқа немесе кездесуге әрқашан 5 минут бұрын  келуді білдіреді. Неге қайткенде 5 минут бұрын, себебі, сіздің 1 минутқа  кешігуіңіз ана адамды сыйламғанның, оған қиыншылық туғызып жатқаныңыздың белгісі болмақ. Екіншіден, кездесуге ойша дайындалу үшін. Кездескенде сіз айтуға тиіс нәрсеге дайындалу, көңіл күйіңізді дайын болдыруыңыз кездесудің нәтижесін тиімді етеді деп көреді.
Ескерту: Егер сіз межелі жерге 5 минут ертерек жақындасаңыз да, ол жерде дәл уақытында ғана болуыңыз керек.
 
2. САҒАН  КЕЛГЕННЕН ДЕ ӘДЕМІ (来 た 時 よ り も 、 美 し く)
Біреуден қарыз алған нәрсе, жалдап алған бөлме,  жалпы не нәрсені  біреуден қарызға алсаң да қайтарғанда  алған нәрсені  алғашқысынан да «әдемі» етіп қайтару  идеясы. Бұл адамға ризашылықты сөзбен емес, іс жүзінде білдіру болып табылады.

3. АДАМДАРҒА ҚИЫНШЫЛЫҚ ТУҒЫЗБАУ (人 に 迷惑 を か け な い)
Іс дұрыс болмай жатса, біз «кешіріңіз», «ғафу етіңіз» деп айтамыз, бірақ бұлай  айтқанымыз тым кеш. Себебі сіз зиян келтірген әрекетті ешқашан қайта қайтара  алмайсыз. Алайда, кейінге қалдыру мәселесі адамның проблемасынан өзгеше, сондықтан «өзіңе жағымсыз нәрсені өзгеге ешқашан жасамау», яғни кешірім сұрау халге дейін жеткізбеу деген мағынада болмақ!

Әр елдің өзіндік ерекше дәстүрлері бар, және оларды тану арқылы біз бір-бірімізді жақсырақ түсініп, өзімізге жаңа әлем құрамыз деп ойлаймын.


Ал осы жолы ұсынылған үш ой: 1. Құрмет. 2. Ризашылық. 
3. Назарда ұстау. 

 


Амантай Тойшыбайұлының Facebook парақшасынан

Фото: eferrit.com

1386 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз