Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 24 Ақпан, 2023

Түркиядағы зілзала: Қазақстандық журналистер арнайы репортаж түсіріп қайтты

Қазақстандық “Асыл тас” қоғамдық қорының журналистері Рауан Оқас пен Қанат Тілеухан Түркияға барып Хатай мен Қахраманмараш қаласынан арнайы репортаж түсіріп қайтты. Бұл “Қара жамылған Хатай мен Мараш” деп аталатын деректі фильм мен арнайы репортаж жанрының элементтері қамтылып түсірілген еңбекке зілзаладан зардап шеккен түрік бауырларымыз бен Түркияда тұратын қандастарымыздың зілзаладан кейінгі ахуалы арқау болған. Жер сілкінісі кезінде Мұстафа Өзтүріктің жақындары қайтыс болды. 

«Екі күн, екі түн сырт киімсіз судың астында тұрдық. Жаңбыр құйып тұр. Жарық өшкен. Дүниені түнек басты. Құтқарушылар келгенімен бізге жол жабық. Қазағымнан көмек келді. Қазақстанның нанын берді. Қазағымның нанын бірінші сүйіп сосын жедім» дейді апаттан аман қалған Хатидже апамыз. Хатидже апамыз Мұстафа Өзтүріктің туған ағасы Рүстемнен туады. Хатайда болған апаттан аман қалды. Алайда зілзала екі сіңлісін бақилық етті. Түркияға барып жасаған арнаулы репортажымыздың бір кейіпкері осы апамыз”,- деп жазады журналист Қанат Тілеухан. 

“Мұстафа Өзтүрік ағамыздың үйінде апаттан жарақат алған адамдар емделіп жатыр екен. Сол үйде де болдық. Қазақты жүрегі жарылғанша сүйген қайран ердің шаңырағы қам көңіл қазағына пана. 

Алматы-Ыстамбұл-Адана-Кахраманмараш-Адана-Анкара-Алматы. Осындай жол жүріп өттік. Қайтар жолда Адана әуежайында тұрғанда жер сілкінді. Қорқып қалған жұрт айғайлап тысқа жүгірді. Жаратқанға сыйынып көкжиекке көтерілдік. Анкараға жеткенде Хатайдың тағы да қара жамылғанын білдік”,- деп жазды деректі фильм авторы өзінің Facebook парақшасында. 

 

 

Фото: Facebook/ QanatTileukhan

15041 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз