- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 24 Ақпан, 2023
Алматыда құрылыстың сейсмикалық төзімділігіне қойылатын талаптар күшейтіледі - Е.Досаев

Бұл туралы Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты,- деп хабарлайды kazgazeta.kz қала әкімдігінің ресми Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Шаhар әкімі Мемлекет басшысының Алматыда құрылыстың сейсмикалық төзімділігіне қатысты талаптарды күшейтуді қолдайтынын хабарлады.
«Кеше Мемлекет басшысымен кездесуімде ол «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңы арқылы құрылыс пен жер сілкінісіне төзімділікке байланысты талаптарды күшейтуді мақұлдады. Көктемгі сессияда бұл жұмысты бастаймыз деп ойлаймын, мәслихат депутаттары бізді қолдайды және бізде арнайы стандарттар бойынша қажетті нәрсені қала өзі бақылайтын ерекше жағдайлар болады. Бұл нормалар енгізіліп, күзден бастап жұмыс істейді деп сенемін», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.
Фото: Досжан Балабекұлы

618 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *