Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 25 Ақпан, 2023

Алматыда биыл көктем ерте шығады - Синоптиктер

Биыл Алматыда көктем ерте шығады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына Астанадан онлайн қатысқан «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов айтты.

Әділ Ахметовтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша Алматыда көктем ерте шығады.

Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7°С, күндіз +10+15°С дейін көтеріледі.

Орта есеппен алғанда ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады.

«Наурыз айындағы орташа айлық температураның нормасы - 2,7 ° C, мұндай кезде наурыз айында күннің бірден жылынуы жағымсыз жағдайға жатады. Және дәл осы айда ауа температурасының қатты жоғарылау үрдісі байқалады. Мұндай кезде қыс бойы қордаланған қалың қардың бірден еру қаупі жоғары. Сондай-ақ, Алматыда жылу толқындарының қайталану жиілігі артып келеді, сондықтан қыстың соңы мен көктемнің басында ауа температурасының күрт жылынуынан қауіп артады», - деді Қазгидромет өкілі.

Әділ Ахметов Алматыда жылылық сезіліп, ауа температурасы айтарлықтай көтеріліп келе жатқанын айтты.

«1976 жылдан бастап орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын шамамен 0,5°С-қа көтерілді. Жылдың барлық айларында температура тұрақты түрде көтеріледі. Температура ең жоғары жылдамдықпен наурызда көтеріледі - 10 жыл сайын 1,3 °С-қа, ал ақпанда - 10 жыл сайын 1,3 °С-қа көтеріледі»,- деді ол.

Фото: Досжан Балабекұлы / мұрағаттан

4393 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз