Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Наурыз, 2023

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевЖолдаудың бірінде фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. «Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет», – деген еді. 

Осыған орай, Алматыда дәстүрлі XIV халықаралық Еуразиялық фармацевтикалық форумы өтті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізілген шарада салалық кәсіптік ұйымдардың, реттеушілердің, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ Еуразиядағы фармацевтикалық өнімдердің ірі халықаралық және жергілікті өндірушілері қатысты. 

Екі күнге созылған форум барысында көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Еуразия фармацевтикалық нарықтарын жаңа шындыққа бейімдеу тәжірибесі, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін реттеудегі басты өзгерістер, ЕАЭО және ТМД елдерінің фармацевтикалық өнеркәсібі үшін ынтымақтастық ландшафтын өзгерту, дәрілік саланы бағалық реттеу, дефектураның алдын алу, инновациялық дәрілік препараттар нарығына қолжетімділікті раттыру мәселесі кеңінен қаралды. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның, Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Академик Э.Габриелян атындағы дәрілік заттар мен медициналық технологияларды сараптау ғылыми орталығының өкілдері қатысып, өз кезегінде халықтың денсаулығын жақсарту жайлы баяндамалар жасады.

Фармацевтика саласында отандық тауар өндірушілер үлесі 162,6 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл туралы таяуда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтқан болатын. «2022 жылы жергілікті фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің үлесі 19 пайызды, импорттық өнім 81 пайызды құрады», – деді вице-министр.

Иә, елімізде фармацевтика саласында сапалы да жаңа технологияға сай өнімдер молынан өндіріліп, қарапайым халықтың ауруына шипа болатындайдәрі-дәрмектер көбейсе нұр үстіне нұр болар еді. Форумға қатысушылар еліміздегі фармацевтиканың мән жәйі мен дамыту мәселесін кеңінен сөз қозғады. 

Салтанат Қажыкен

332 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз