Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 13 Наурыз, 2023

Қаңтарда 126,9 мың автокөлік есепке қойылды - статистика

2023 жылғы қаңтарда есепке 126,9 мың автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3% артық,- деп хабарлайды kazgazeta.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде жеңіл автомобильдер 25,9%-ға, жүк автомобильдері 39,5%-ға артты, автобустар 2 есеге артты.

Осылайша, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 
4 518,7 мың бірлікті құрады (01.02.2022 – 4 308,6 мың), оның ішінде 87,9% – жеңіл автомобильдер, 10% – жүк автомобильдері, 2,1% – автобустар.

2023 жылғы қаңтарда 844 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1274 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 2,7%-ға азайды2).

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 4,3 млн. теңге сомасында 7879 сақтандыру төлемін жүзеге асырған3).

 

 

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңдеректері    бойынша.

3)) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша

1277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз