- Айна
- 15 Наурыз, 2023
Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты

Ұлыбританияда мыңдаған кіші дәрігерлер үш күндік ереуілге шықты, деп хабарлайды британдық "Гардиан" сайты.
Олар төмен жалақыға наразылық білдіріп, оны 26%-ға көтеруді талап етіп жатыр.
Ұлыбританиядағы кіші дәрігерлер медициналық қызметкерлердің жартысына жуығын құрайды. Ереуілге байланысты британиялық ауруханалар ондаған мың амбулаториялық қабылдау мен операцияларды тоқтатты.
Елдің денсаулық сақтау министрі наразылық білдірушілерге ереуілді тоқтатуға шақырды, бірақ жалақыны көтеру туралы келіссөздерді бастаудан бас тартты.

111 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *