- Шартарап
- 15 Наурыз, 2023
Түркияның Шанлыурфа провинциясында сел тасқыны жүрді

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында сел тасқынынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолы.
Шанлыурфада 14 наурызда толассыз жаңбыр жауған. Салдарынан тасқын су провинцияның әкімшілік орталығындағы бірқатар көше мен даңғылын басып қалған. Провинцияның өрт қызметінің мәліметінше, Вейсел Карани кварталындағы ғимараттардың бірінің жертөлесінен бес адамның мәйіті табылған. Олар сириялықтар. Осылайша, табиғи апат құрбандарының саны 10 адамға жетті.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Фото: aa.com.tr

107 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *