Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Наурыз, 2023

Астана мен Баку қалалары арасындағы рейстер саны артып келеді

2023 жылғы 2 маусымнан бастап "Fly Arystan" тасымалдаушысы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының астаналары арасында тұрақты жолаушылар рейстерін алғаш рет іске қосады.

Рейстер "Эйрбас-А320" әуе кемелерінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалатын болады. Бұл әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді "Azerbaijan Airlines" әуекомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен орындайды, - деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Әзірбайжан Республикасына тұрақты рейстерді Алматы – Баку бағыттары бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет, Ақтау – Баку "Fly Arystan" және "Azerbaijan Airlines" әуе компаниялары аптасына 3 рет, сондай – ақ Ақтөбе-Баку "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 2 рет орындайды.

Осылайша, елдер арасында орындалатын тұрақты рейстер саны аптасына 14 рейске дейін артады.
Екі астана арасындағы рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Фото: aviata.kz

373 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз