Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Наурыз, 2023

Қазақстанда “Ұлттық басылым күні” енгізіледі

2 ақпан "Ұлттық басылым күні" деп аталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайты. 

Мерзімді басылымдар - аталы сөздің мәйегі. Газет-журналдар ақпарат кеңістігінде маңызды тарихи рөлін жоғалтқан жоқ.

Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлт зиялыларының 1913 жылғы 2 ақпанда «Қазақ» газетін шығаруы отандық кәсіби журналистиканың ізашары болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор.

Осыған орай АҚДМ министрлігінің бастамасымен 2 ақпанды «Ұлттық басылым күні» ретінде белгілеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. 

Аталған күнді ресми белгілеу үшін АҚДМ «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

фото: ашық дереккөзден

147 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *