- Құмсағат
- 16 Наурыз, 2023
Бокстан ӘЧ: Жазира Орақбаева алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың алғашқы күні күндізгі сессияда 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жазира Орақбаева рингке шықты.
Азия чемпионатының жүлдегері Жазира тайбэйлік Чиа-Хсунь Чанмен жұдырықтасып, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раунд басында төреші жекпе-жекті тоқтатып, Жазира Орақбаева айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Қазақстандық басқа боксшылар ертең рингке шығады.

115 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *