Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Наурыз, 2023

Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанға алдағы сайлауда сәттілік тіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде сөйлеген сөзінде Түркия президентіне алдағы сайлауда сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Ақорда.

«Қиын сәтте халықаралық қауымдастықтың түрік халқына қолдау көрсетуі Режеп бейдің жоғары беделі мен еліне жасап жатқан риясыз қызметінің нәтижесі деп санаймын.

Биыл Түркия Республикасына 100 жыл толады. Бұл – үлкен тарихи меже. Түркия қысқа мерзімнің ішінде қуатты, ықпалды мемлекетке айналды. Оның халықаралық ықпалы және беделі, расында, өте күшті. Осы жерде Режеп Тайип Ердоғанның еңбегі және үлесі айқын. Оны бүкіл әлем мойындап жатыр.

Осы ретте, қадірменді Режеп Тайип Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тілеймін. Түрік жұрты Сізге барынша қолдау көрсетеді деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

Фото: t.me/aqorda_resmi

271 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз