Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 17 Наурыз, 2023

Кездейсоқ ашылған жаңалықтар

Пенициллин деген сөзді жиі естиміз. Дәрінің ашылу тарихы қызық. Кездейсоқ өнертабыстың авторы – Александр Флеминг. Ол 1920 жылдары тұмауды зерттеп жүреді. Аңыз бойынша, ғалым ұқыпсыз, салақ болыпты. Жұмыстан кейін зертханалық шыны ыдыстарды жумайды екен. Осылайша, бір мезгілде 30–40 кеседе дәрі қалдықтары екі-үш апта бойы қалатын. Бір күні кесенің түбі көгеріп, бактерияның мөлдір түске айналғанын байқайды. Бактерияны одан әрі жетілдіруді ойлайды. Сөйтіп, әлгі сұйықтың жұқпалы вирустарды жоятынын дәлелдейді. Бактерияны пенициллин деп атайды. Ғалым биохимияны білмегендіктен, пенициллинді дамыта алмайды. 

Ғалымның ісін Говард Флори, Борис Эрнст сынды әріптестері жалғастырады. Алғаш рет бактериялық инфекцияға қарсы ем ретінде қолданады. 1945 жылы Флеминг пен жоғарыда аттары аталған екі ғалымға физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы беріледі. Пенициллин миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті және әлі де көмектеседі. Адамдар ғалым-ның рухына тағзым етті. Флеминг қайтыс болғаннан кейін Лондондағы Әулие Павел соборына жерленген. Оны ең атақты ағылшындармен бір қатарға қойды. Грекияда Флеминг қайтыс болған күні халық болып аза тұтты.

РЕНТГЕН СӘУЛЕСІ

Бұл жаңалықты 1895 жылы физик Вильгельм Конрад Рентген ашты. Катодтық сәулелер вакуумдық түтік арқылы өте ала ма, жоқ па? Осы мәселені зерттеп, қараңғы бөлмеде эксперимент жүргізді. Катодтың пішінін өзгертіп, химиялық тазартылған экранда бұлыңғыр жасыл түсті бұлт пайда болғанын көреді. Индукциялық катушканың әлсіз жарқылы деп ойлайды. Бұл әсер ғалымды қызықтырғаны соншалық, зертханада жеті апта отырады. Әлгі жарықтың катодтық сәуледен тікелей туындайтынын анықтайды. Сәуле өзі көлеңке береді және оны магнитпен бұруға болмайды. Адамға қолданғанда сүйектер жұмсақ тіндерге қарағанда тығыз көлеңке түсіретіні белгілі болды.

Бұл әлі күнге дейін флюорографияда қолданылады. Сол жылы алғашқы рентген суреті пайда болды. Ғалымның
әйелінің қолының суреті еді. Саусағындағы алтын сақина анық көзге түсті. Бірінші сынақ субъектісі ер адамдар көре алатын әйел болды. Радиацияның қауіптілігі туралы ештеңе білмеді. Тіпті жалғыз және отбасылық суреттерді түсіретін фотостудиялар болды.

Вулканданған резеңке. 1496 жылы Колумб Үндістаннан ғажайып зат – резеңке шарларды әкелді. Сиқырлы әрі қызықты болды. Резеңкенің кемшілігі – сасып, тез шіріп кетті. Ал жылыған кезде тым жабысқақ, суықта қатып қалады. Адамдар ұзақ уақыт бойы қолдануды білмеді. Тек 300 жылдан кейін, 1839 жылы Чарльз Гудье жұмбақты шешті. Ғалым химиялық зертханасында каучукты магнезия, азот қышқылы, әкпен араластырғаны-мен, нәтиже бермеді. Кейін бұл қоспа кездейсоқ ыстық пешке түсіп кетті. Бізді барлық жерде қоршап тұрған серпімді резеңке шықты. Автомобиль дөңгелектері, шарлар және галоштар содан бастау алды.

Целлофан. 1908 жылы тоқыма өнеркәсібінде швейцариялық химик Жак Бранденбергер жұмыс істейді. Ас үйдегі дастарқанға даққа төзімді жабын жасау жолдарын іздеді. Вискоза жабыны тым қатты болды. Жак материалға сеніп, тамақ өнімдерін орауды ұсынды. Целлофан шығаратын алғашқы машина  он жылдан кейін пайда болды. Швейцариялық ғалымның идеясын жүзеге асыруға осындай уақыт қажет болды.

Қауіпсіз шыны 

1903 жылы мүлдем басқаша болды. Француз ғалымы Эдуард Бенедикт бос шыны колбаны аяғына тастапты. Ыдыс-аяқ сынбай, жұрт таңдай қақты. Ғалым бұл құбылысқа не себеп болғанын анықтауға тырысты. Колбада этанол мен этил эфирінің қоспасындағы целлюлоза нитраттарының ерітіндісі – коллодион ерітіндісі болған. Сұйықтық буланып кеткенімен, оның жұқа қабаты ыдыстың қабырғасында қалды. Бұл кезде Францияда автомобиль өнеркәсібі дамып жатты. Алдыңғы әйнек қарапайым шыныдан жасалған. Жүргізушілер жиі жарақат алатын. Бенедикт көптеген адамның өмірін сақтап қалуға болатынын түсінді. Алайда, іске асыру құны соншалықты жоғары болды. Ондаған жылға кейінге қалды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін триплекс противогаздар үшін шыны ретінде пайдаланылды. Кауіпсіз шыны автомобиль өнеркәсібінде де қолданылды. 

Scotchgard қорғаныш материалы. 1953 жылы 3M корпорациясының қызметкері Пэтси Шерман авиациялық отынмен әрекеттесуге төтеп беретін резеңке материалды әзірледі. Бірақ епсіз көмекшісі қосылыстың бірін жап-жаңа теннис аяқкиіміне төгіп тастады. Пэтси аяқкиімді спирт, сабынмен де тазалай алмай, реніш білдірді. Алайда, бұл сәтсіздік әйелді жаңа зерттеулерге итермеледі. Осы оқиғадан бір жыл өткен соң әртүрлі бетті ластанудан қорғайтын Scotchgard препараты дүниеге келді. Матадан автокөліктерге дейін қорғайды.

Жабысқақ парақтар-стикерлер. Кездейсоқ өнертабыс post-it жазбалары ретінде белгілі. 1970 жылы 3M корпорациясында Спенсер Силвер өте күшті желім жасауға тырысты. Нәтижесіне көңілі толмады. Қоспасын үнемі қағаздың бетіне жағатын. Бір нәрсеге жабыстыруға тырысса, қайта құлап кететін. Төрт жылдан кейін сол компанияның қызметкері Артур Фрай жаңалық ашты. Кітаптағы жырларды қалай тез іздеуге болатынын анықтады. Кітап парағына бетбелгілерді қойып, бұрын әзірленген композициямен жағылды. Бұл стикерлердің кітап ішінде ұзақ тұруына көмектесті. 1980 жылдан бастап ең танымал кеңсе өнімдерінің бірі пост-ит ноталарының шығу тарихы басталды.

Қатты желімді Krazy Glue деп те атайды. Дұрыс атауы – «цианоакрилат (цианакрилат)». 1942 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде доктор Гарри Кувер мылтық көзілдірігіне пластмассадан мөлдір жасау әдісін іздейді. Нәтижесінде цианакрилат алынды. Бұл зат тез қатып, бәріне жабысып, бағалы зертханалық құрал-жабдықтарды бүлдірді. Ғалым 1958 жылы өзінің өнертабысын адамзат игілігіне пайдалануға болатынын түсінді. Ең пайдалысы – адамның жарасын бірден жабу. Бұл Вьетнамдағы көптеген жауынгердің өмірін сақтап қалды. Жараға ғажайып желім жағылғасын жаралыларды ауруханаға жеткізу оңай болды. 

1959 жылы Америкада желімнің төтенше демонстрациясы өтті. Бағдарламаның жүргізушісі желімнің бір тамшысы ғана желімделген екі болат пластинада ауаға көтерілді. 1941 жылы швейцариялық өнертапқыш Жорж де Местраль итімен серуенге шығады. Үйге келсе, иті мен өзінің сырт киіміне шоңайна жабысыпты. Өсімдіктің қалай берік жабысатынын микроскоппен зерттеуге шешім қабылдады. Джордж бір-біріне жабысатын бірдей кішкентай ілгектері бар екі таспа жасады. Осылайша балама қысқыш пайда болды. Өнімнің жаппай өндірісі 14 жылдан кейін пайда болды. Velcro-ны скафандрларды осылай бекітетін астронавтар қолдана бастады.

Таяқшадағы жемісті балмұздақ (попсикл). Өнертабыстың авторы небәрі он бір жаста еді. Жас жігіттің аты-жөні –
Фрэнк Эпперсон. ХХ ғасырдың ең маңызды өнертабыстарының бірі. Суда сода ұнтағын еріткен кезде сәттілік серік болды. Мұндай сусын балалар арасында танымал болды. Фрэнк сұйықтықты бірден іше алмайды. Стақанға араластырғыш таяқшаны қалдырып, біраз уақыт сыртта қалдырды. Содан кейін ауа райы аязды болып, қоспасы тез қатып қалды. Балаға таяқтағы қатып қалған нәрсе ұнады. Өйткені, оны тілімен жалауға болады. Фрэнк өзінің ашқан жаңалығын бәріне көрсете бастады. Бала есейген кезде балалық шағындағы өнертабысты есіне алды. 18 жыл өткен соң жеті дәмдеуіш нұсқалары бар «Эпсикл-дердің» сатылымы басталды. Нәзіктіктің бұл түрі танымал болғаны сонша, тек Америкада жыл сайын үш миллионнан астам попсикл сатылады.

Қоқыс қапшығы

Адамзат қоқыс дорбасын 1950 жылы жасады. Инженер, өнертапқыш Гарри Василюкке тұрғындар қоқысты машинаға тиегенде төгіліп қалатынын айтады. Ол ұзақ уақыт шаңсорғыш сияқты жұмыс істейтін құрылғыны ойлап тапты. Кенет оған басқа ой келді. Аңыз бойынша таныстарының бірі: «Маған қоқыс дорбасы керек!» – деп айғайлайды. Полиэтиленнен бір реттік пакетті пайдалану керектігін түсінді. Канаданың Виннипег қаласындағы ауруханада қолданыла бастады. Жеке адамдарға арналған алғашқы қоқыс қаптары 1960 жылдары пайда болды. Василюктің өнертабысы өте пайдалы болды. Өйткені,  адамзаттың жаһандық міндеттерінің бірі – қоқысты қайта өңдеу. 

Сильван Голдман Оклахома Ситидегі ірі азық-түлік дүкенінің иесі болған. Адамдардың кейбір тауарларды үнемі ала бермейтінін байқады. Өйткені, оларды тасу қиын. Голдман 1936 жылы бірінші сауда арбасын ойлап тапты. Кәсіпкер бұл ойды кездейсоқ ойлап тапты. Дүкенде жүрген бір ананың баласының ойыншық көлігіне ауыр сөмкені салғанын көреді. Ол дөңгелектерді кәдімгі себетке бекітті. Содан кейін механиктердің көмегіне жүгініп, заманауи арбаның прототипін жасады. 

1947 жылдан бастап бұл құрылғының жаппай өндірісі басталды. Дәл осы өнертабыс түрлі дүкендердің пайда болуына мүмкіндік берді. Кардиостимулятор. Адамның кездейсоқ өнертабыстарының арасында құрылғылар да бар. Соның ішінде жүрегі ауыратын адамдардың өмірін сақтауға көмектесетін кардиостимулятор. 1941 жылы инженер Джонс Хопкинс Әскери-теңіз күштері үшін гипотермияны зерттеді. Оған ұзақ уақыт бойы суықта немесе мұзды суда болған адамды барынша жылытудың жолын табу тапсырмасы берілді. Бұл мәселені шешу үшін Джон денені жылытатын жоғары жиілікті радио сәулеленуді қолдануға тырысты. Гипотермия салдарынан жүрек тоқтаған кезде оны электрлік ынталандыру арқылы қайта қосуға болатынын анықтады. Бұл жаңалық 1950 жылы алғашқы кардио-стимуляторды енгізуге әкелді. Көлемді әрі ауыр болды. Науқастар қолданған кезде күйіп қалатын. Бұл саладағы екінші кездейсоқ жаңалық дәрігер Уилсон Грейтбэтчке тиесілі. Ол жүрек ырғағын жазатын құрылғы жасауға тырысты. Бір күні байқаусызда құрылғысына қате резисторды енгізіп, электр желісіндегі адам жүрегінің ырғағындай тербелістерді көрді. Екі жылдан кейін Greatbatch көмегімен жүрек жұмысын ынталандыратын жасанды импульстарды беретін алғашқы имплантациялы кардио-стимулятор дүниеге келді.

Дайындаған 
Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

«Ұлан» газеті, №11
14 наурыз 2023 жыл

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз