- Құмсағат
- 17 Наурыз, 2023
Қазақстан футбол федерациясының өкілдері ФИФА конгресіне қатысты

Руанда астанасы Кигалиде өткен 73-ші Халықаралық футбол қауымдастықтарының (ФИФА) конгресіне Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, бас хатшысы Олжас Абраев және халықаралық департамент директоры Аян Әлжанов қатысты, деп хабарлайды Kazgazeta.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық делегация Конгресте өзге ұлттық қауымдастықтармен ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру бойынша бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
ФИФА президентінің сайлауы жиынның ең маңызды бөлігінің бірі болды. Джанни Инфантино 2027 жылға дейін ұйымның басшысы лауазымына қайта сайланды.
ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Джанни Инфантиноны жаңа мерзімге қайта сайлануымен құттықтап, әлемде футболды дамыту жолында табыстар тіледі.
Келесі ФИФА конгресі 2024 жылдың 17 мамырына жоспарланып отыр. Алайда өтетін жері әзірге белгісіз.

111 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *