Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 17 Наурыз, 2023

Түркиядағы сел тасқынынан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті

Түркияның оңтүстік-шығысында Шанлыурфа провинциясында сел тасқынымен ағып кеткен 20 жастағы Эмин Эргюнді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Іздеу-құтқару операциясына жүз адамдай тартылды. Эргюн тізгіндеген жүк көлігі 15 наурызда тасқынмен ағып кеткен. Құтқарушылар ағын жүк көлігін Ататүрк атындағы су қоймасына дейін әкетуі мүмкін деп отыр. Операцияға сүңгуірлер тартылып, дрондар пайдалануда. Эргюннің туыстары мен жақындары оның аман табылатынына үміттеніп отыр.

Соңғы дерек бойынша, Шанлыурфа және Адыяма провинцияларындағы сел тасқынынан қаза тапқандар саны 17 адамға жеткен.

Фото: aa.com.tr

245 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз