Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Наурыз, 2023

Франция соты Мұхтар Әблязовқа 8 мың еуро айыппұл салды

2023 жылдың 7 наурызында Францияның Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовқа сотқа келмегені үшін 8 мың еуро көлемінде айыппұл тағайындау туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Info Matin (таңғы жаңалықтар) француз басылымы.

Мұхтар Әблязов өзін оппозиционер ретінде танытып, Францияға саяси баспана іздеп көшіп келген, алайда қазіргі уақытта ол жерде қашқын олигарх ретінде тұрып жатыр.
Ол алғаш рет Қазақстанда БТА банкінің 7,5 млрд доллар қаржысын жымқырды деген айыппен 20 жылға сотталған еді. Банкротқа ұшыраған банктің бұрынғы басшысы 2009 жылы Лондоннан пана іздеп, елден қашуға мәжбүр болған.

2010 жылдардың бас кезінде Мұхтар Әблязов британдық БАҚ-қа өзін қорғауды сұрайды. Ол өзіне ақша жымқырды деген жалған айып тағылғанын және жабылған жала саяси амбициясын тұншықтыру үшін жасалған жалған әрекет екенін айтып, 2011 жылы саяси баспана алды.

Бірақ бірнеше айдан кейін британдық сот бұрынғы банкирдің жалған айғақтар мен құжаттар ұсынғанын анықтады, алайда ол сотқа келуден бас тартқандықтан, 22 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Бұдан кейін Мұхтар Әблязов өзін саяси құрбан ретінде көрсетіп, ендігі кезекте Францияға қашты.

2013 жылы Әблязовты француз полициясы Грасс маңындағы резиденциясында тұтқындаған болатын. Ұзақ уақытқа созылған соттан кейін, Экс-ан-Прованстың тергеу палатасы экстрадицияны растады. Бірақ 2016 жылы Мемлекеттік кеңес ол үкімді жойып, Мұхтар Әблязовті «саяси босқын» мәртебесінен айырды. Әблязов адвокаты арқылы француз сотының нұсқауын орындаудан бас тартып, сотқа келмеді. Ондағы себеп: саяси қудалаудан күдіктенетінін жеткізді.

Соңында, 2023 жылдың 7 наурызында Экс-ан-Прованс апелляциялық соты Әблязовтың француз соты әділдігіне құрмет танытпағанын айтып, оны саяси босқын мәртебесінен айырды және 8 мың еуро айыппұл салды.

 

Аударған
Гаухар Түстікбаева

 

Фото:  Instagram/mukhtarablyazov

266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз