Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Наурыз, 2023

Қытайдан Қазақстанға жүк өткізу көлемі үш есеге артты

Қаржы министрлігі Премьер-Министрдің Қытаймен арадағы шекараның өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында бірқатар шараны жүзеге асыруда, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР Қаржы министрлігінің баспасөзқызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 13 наурызда Премьер-Министр А.Смайыловтың басшылығымен Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінің қабілетін арттыру туралы кеңес өтті.

Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі «Атамекен» ҚР ҰКП және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп «Нұр Жолы» өткізу пунктінде экспорттық-импорттық операцияларды ұлғайту бойынша шаралар кешенін жүзеге асырды.

Өткізу пунктінің жұмыс уақыты ұлғайтылды, Қазақстанның тасымалдаушылары мен жүргізушілеріне визалық қолдау көрсетіледі, электрондық кезек жүйесінің функционалы жақсарады. Өңір әкімдігі мен жергілікті құқық қорғау органдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП тасымалдаушылармен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен ҚХР-ға кіру үшін барлық заңнамалық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

14-17 наурыз аралығында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға жүктерді өткізу көлемі үш есеге өсіп, тәулігіне 500-ден астам машинаны құрады. Қазақстаннан Қытайға шығу екі есеге артып, тәулігіне орта есеппен 200 көлік құралына жетті.

«Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінің тауар айналымы мен өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмыс алдағы уақтт ада жалғасатын болады»,-делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөзден

280 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз