- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 18 Наурыз, 2023
Бүгін 4 қалада ауа ластанады

Бүгін Астана мен Қарағанды, Теміртау және Ақтөбеде жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«2023 жылғы 18 наурызда Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Фото: Досжан Балабекұлы / Қазақ газеттері

68 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *