Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Наурыз, 2023

Қазақстанда Аналар күні және Әкелер күні бекітілуі мүмкін

Қазақстанда Аналар күні және Әкелер күні бекітілуі мүмкін.

"Ашық НҚА" порталында заң жобасы жарияланды, оған сәйкес, Қазақстанда екі жаңа күн бекітілуі мүмкін. Мереке күндерінің тізбесіне өзгерістерді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті дайындаған.

Аналар күнін мамырдың екінші жексенбісінде, ал әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісінде атап өту ұсынылған. Бұл ұсынысты осы жылдың 5 сәуіріне дейін талқылауға болады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Ұлттық баспасөз күнін бекіту туралы ұсыныс айтылған болатын. Ол 2 ақпанда тойланады.

Фото: ашық дереккөзден

705 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз