- Аймақ тынысы
- 18 Наурыз, 2023
Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа үйлер салынады
Ақтөбе облысындағы Қобда аудан, Қобда ауылындағы үйлері су астында қалған тұрғындар үшін 24 үй салынады,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданына сапары барысында тиісті тапсырма берді.
Жалпы, 13 наурыздан бастап Қобда ауылында 79 үй, 22 аула аумағы еріген қар суының астында қалды.
Залалды бағалау жөніндегі комиссияның алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, 3 үй қалпына келтірілмейді, 4 үйдің қабырғалары құлаған, олар апатты деп танылды, 17 үй суда тұр.
Өңір басшылығы үш отбасыға бюджеттен тыс қаражат есебінен тұрғын үй сатып алуды жоспарлағанымен, елдімекенде бос тұрғын үй болмай шықты. Соған байланысты үй салу жөнінде шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта елдімекенде су тасқыны деңгейінің төмендеуі байқалады. Жасанды су жинау, құм төсеу және су айдау жұмыстары жалғасуда.
38 бірлік мамандандырылған техника, 277 адам жұмылдырылды.
Фото: t.me/qr_tjm
333 рет
көрсетілді0
пікір