Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Наурыз, 2023

Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа автобустар жолға шықты

Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңында жолаушы тасымалдайтын 10 жаңа автобус жолға шықты.

Атырау қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше кәсіпорын жолаушы тасымалдаумен айналысады. Соның бірі – «Algabus» автопаркі. Бұл кәсіпорын жолаушы тасымалдауға арналған «Yutong» маркалы 10 жаңа автобусты жолға шығарды. Қоғамдық көліктер енді №10 және 20 маршрут бойынша жолаушы тасымалдайды.

photo

 

«Қалалық әкімдіктің қолдауымен сатып алынған жаңа автобуста жолаушылар отыратын 20 орындық бар. Бұған қоса, 30 адам тік тұруына болады. Қоғамдық көлікте мүгедектігі бар жандарға арналған көтергіш құралы орнатылған. Автобус салоны жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камерасымен, жылыту және салқындатқыш, GPS қондырғысымен жабдықталған», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қоғамдық көлік Еуро-5 стандартына сәйкес экологиялық таза дизель отынымен жүреді.

 

photo

 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау тұрғындары 19 және 22 наурызда автобуста тегін жүретінін хабарлаған едік. «Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Ароновтың айтуынша, Атырау қаласы мен оған іргелес орналасқан елді мекендерге жолаушы тасымалдауға маршрутқа күн сайын 240 автобус жолға шығады.

«Елімізде 19 наурызда Парламент Мәжілісі және әр деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіндіктен, бұл күні автоубстар жолаушыларды тегін тасымалдайды. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні де қоғамдық көлікте тегін жүреді», - деп хабарлады Арслан Аронұлы.

Фото: Қазақпарат

370 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз