- Сайлау
- 19 Наурыз, 2023
Сеул мен Токиода сайлау учаскелері ашылды
Сеулде №258 және Токиода№261 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды,- деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
"Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде шетелдегі сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауының дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастайды.
Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.
Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар.
Сеулде №258 және Токиода№261 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.
Шетелдегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жүйелі түрде берілетін болады",- делінген хабарламада.
Фото: t.me/pressmfakz
678 рет
көрсетілді0
пікір






