- Шартарап
- 19 Наурыз, 2023
Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматы Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді
Қазақстан Республикасының Корея Республикасы мен Жапониядағы азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды. Бұл туралы kazgazeta.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сеул қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур болды.
«Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Елімізге нығайып, өркендепу тілеймін!» - деді Е.Асанов.
Фото: t.me/pressmfakz
739 рет
көрсетілді0
пікір






