Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 19 Наурыз, 2023

Қазақстанның барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды

Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды. 

Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының сайлауына 14 207 үмікер қатысады. Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгінгі сайлауға 12 032 550 дауыс беруші тіркелді.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 7 партия қатысады. Атап айтқанда: «Amanat» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, «Respublica» партиясы, «Қазақстан халық партиясы», «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ жол» партиясы және «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы».

Мәжіліске барлығы 98 депутат сайланады. Оның 70 пайызы, яғни 69 орын пропорционалдық жүйемен 5 пайыздық межеден өткен саяси партиялардың тізімі бойынша сайланады. Ал қалған 30 пайыз, яғни 29 орын бір мандатты округтерден сайланатын депутаттарға беріледі.

Астана, Алматы, Шымкент және 17 облыстың мәслихаттары сайлауында партиялық тізім және бір мандатты округтердің арақатынасы 50/50 болады. Ал қалалық, аудандық мәслихаттар 100 пайыз бір мандатты округтер арқылы сайланған депутаттардан тұрады.

776 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз