Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 19 Наурыз, 2023

Ерболат Досаев жұбайымен бірге келіп дауыс берді

Алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 7-де №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді.

«Бүгін өтіп жатқан сайлау Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға. Бұл Мемлекет басшысы былтыр наурыз айында жариялаған саяси реформалардың соңғы кезеңін білдіреді. Қала Мәжіліс пен маслихаттың сайланған депутаттары алдында жаңа міндеттер туындайды және олардың жұмысы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдауға бағытталуы тиіс. Қазақстан мен біздің сүйікті Алматының тағдырына шын жүректен алаңдайтын алматылықтар бей-жай қарамайтынына және және жарқын болашаққа дауыс беретініне сенімдімін», - деді Ерболат Досаев.

 

344 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз