Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 19 Наурыз, 2023

Сайлауға бару – әр адамның борышы - Бақтияр Тайлақбаев

Алматының №61 сайлау учаскесінде ҚР еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев дауыс берді. Бүгінгі күннің маңызын атаған ол Қазақстан әлемдегі әлеуметі, мәдениеті һәм күш-қуаты мықты державалардың қатарына қосылуына тілектестік білдірді. 

«Сайлауға бару – әр адамның борышы. Осы арада «неге?» деген заңды сұрақ туатыны анық. Қазір көптеген мүмкіндік ашылды. Елімізге жақсылық алып келетін өзгерістер орнап жатыр. Көптеген ілкімді іс қолға алынды. Жаңа һәм тың бастамалар көтеріліп жатыр. Қазіргі сайлау демократияға жақын деп есептеймін», - деді әнші.

582 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз