Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 19 Наурыз, 2023

Сайлау: Алматы қаласында дауыс берудің басталғаны туралы баспасөз  конференциясы өтті

Алматы қаласы жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында «ҚР Парламентінің Мәжілісі және Алматы қаласының мәслихат депутаттарына дауыс берудің басталғаны туралы» тақырыбындағы баспасөз  конференциясы өтті. 

Брифинг спикерлері Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Қалыкова Айгүл Оразқызы, Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Туматов Әсет және Алматы қаласы  Аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қалымбайұлы Ержан шаһар бойынша осы сағатта өтіп жатқан дауыс беру процесі, сайлау учаскелері мен дауыс берушілер жөнінде БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

Айгүл Оразқызы:

- Алматы қаласында 603 сайлау учаскесі бар. Бүгін олардың 602-сі жұмыс істеп жатыр. Бір сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты. Оның себебі, ол учаскеде сайлаушы жоқ. Ол - ҰҚК шекара қызметінің әскери бөлімі. Қазіргі мәлімет бойынша, таңғы сағат 7.00-ден бастап сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатыр. Сайлау учаскелерінде көптеген бақылаушылар мен сенімді өкілдер жұмыс істейді. 

328 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз