Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 19 Наурыз, 2023

Ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар халқына жаны ашитын адам болуы керек - Ұ.Есдәулет

Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет дауыс берді,- деп хабарлайды kazgazeta.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет бүгінгі сайлау науқанында дауыс беруінің мақсаты – Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға халыққа жаны ашитын білімді тұлғаларды таңдау екенін айтады.

«Елімізді жаңарту, Әділетті Қазақстан құру, әділ қоғам құру – оңай шаруа емес. Оның бір басы әрине, заңдарға келіп тіреледі. Сондықтан Парламентте отыратұғын ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар жан-жақты білімді, зиялы және еліне-жеріне, халқына жаны ашитынтұғын адам болуы керек. Біз бүгінгі сайлауда Парламентке дәл сондай тұлғаларды, ел мұң-мұқтажын көре білетін, айта білетін және заң жүзінде іске асыра алатын адамдарды таңдау үшін өз даусымызды бердік. Сайлау учаскесіне келгендегі ойым осындай болды», – деді Ұ.Есдәулет.

 

Фото: Алматы қаласының ӨКҚ 

556 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз