- Сайлау
- 19 Наурыз, 2023
Роликте көрсетілген мәліметтерді арандатушылық деп есептеймін - Қайырбек Құнанбаев
Дайын сайлау хаттамамаларының әлеуметтік желіде таралған нұсқасы - жалған. Бұл туралы Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев мәлімдеп, бейнежазба арқылы арнайы мәлімдеме жасады.
«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан сайлау учаскелерінің қорытынды хаттамалары бойынша видеороликтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлаймын. Видеороликте көрсетілген құжаттар мыжылған және оларда ешқандай қолтаңба мен мөр қойылмаған. Роликте көрсетілген мәліметтерді таза арандатушылық деп есептеймін. Хаттамалар тек сайлау қорытындысына сәйкес толтырылады және нәтижесі жарияланады. Осы іс тиісті органдар тарапынан тексеріліп, құқықтық бағасы берілетін болады», - деді ол.
Осы орайда Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Алмасбек Мамытбеков сайлау кезінде қандай да бір өрескел заң бұзушылықты байқаған азаматтар прокуратураға, полицияға және сайлау комиссиясына шағым түсіруге құқығы бар екенін жеткізді.
Фото Facebook әлеуметтік желісінен алынды
1079 рет
көрсетілді0
пікір






