Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 19 Наурыз, 2023

Комиссия мүшелері туыстары үшін дауыс беруге бюллетеньдер берген

Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонында заңсыздыққа жол берген сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілгенін мәлім етті.

Ол үш облыста сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі ресми тіркелгенін хабарлады. 

«Жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижесінде дәл осы уақытта сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелді. Олар Алматы облысында Еңбекші қазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде; Жетісу облысында Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерде; Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы учаскелерде болған.

Бұл заңбұзушылықтар комиссия мүшелері тарапынан азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік берумен байланысты», - деді Бас прокуратура өкілі.

«Аталған аудандардағы сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері дауыс берушілердің өтініші бойынша туыстары үшін дауыс беруге бюллетеньдер беріліп, дауыс берудің тең құқықтылық талабы бұзылған. Ондай бюллетень берген комиссия мүшелері бірден учаскедегі жұмыстан шеттетілді. Қазіргі таңда жергілікті прокурорлар оларды Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тарту бағытында шаралар қабылдап жатыр. Дауыс берудің теңқұқықтылық талабын бұзып, өзге адам үшін дауыс берген кінәлілер Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 110-бабы бойынша 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады.

617 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз