Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Наурыз, 2023

506 жабық сайлау учаскесінің 322-сінде дауыс беру аяқталды

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда дауыс беру процесі туралы мәлімет келтірді.

«Комиссия төрағаларының актілері бойынша дер кезінде шешілген елеусіз оқиғалар орын алған. Келеңсіз мінез-құлыққа байланысты сайлау учаскелерінен 9 азамат шығарылды. Олар түрлі себептерге байланысты. Полиция қызметкерлерінің штаттық режимде қызметі жалғасуда. Ел көлеміндегі 506 жабық сайлау учаскесінің 322-сінде дауыс беру аяқталды. Жалпы елімізде саяси-қоғамдық ахуал тұрақты», - деді комитет төрағасы.

804 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз