Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 19 Наурыз, 2023

Отанымызда болып жатқан сайлау науқанына ешкім бей-жай қарамауы тиіс -Серік Есматов

Параолимпиадашы Серік Есматов Алматы қаласының №447 сайлау учаскесінде дауыс берді. Спортшы сайлаудың мерекелік көңіл-күйде өтіп жатқанын айтады.
 
«Отанымызда болып жатқан сайлау науқанына кім де болса бей-жай қарамауы керек. Мен елімнің патриоты ретінде бүгін дауыс беруге келдім. Түрксіб ауданындағы №447 сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері барлық сайлаушыларды жадырап қарсы алуда. Тура бір мерекелік шараға қатысқандай күйде болдым. Сайлау – бұл көпшіліктің таңдауы. Елдің мұң-мұқтажын, күрмеуі қиын мәселелерін шешуде болашақ депутаттарымыз бар ынта-жігерімен жұмыс істейді деп үміттенемін. Өйткені олар – халықтың қалаулылары. Барша қазақстандықтарды көктемнің керемет мерекелерімен құттықтаймын. Еліміз аман, жеріміз тыныш болып, көк байрағымыз тұғырынан түспесін!» – деді С.Есматов.

585 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз