Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Наурыз, 2023

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды

Еліміздің барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті.

Астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 15 өңірінде, ал дәл осы сәтте Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды. Осылайша, еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 146 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.

Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санайды.

Қазақстанның 62 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 77 сайлау учаскесі ашылған болатын. Олардың 11-і астана уақытымен сағат 18-00-де жұмыстарын аяқтады. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады.

Ел бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды.

Фото: ашық дереккөзден

 

 

 

484 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз