Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 20 Наурыз, 2023

Алматының коммуналдық қызметтері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшірілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен, жылумен, сумен және газбен жабдықтау үшін 21, 22, 23 наурызда Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды»,- деп атап өтті әкімдіктен.
Сонымен қатар каланың коммуналдық шаруашылықтарының жедел әрі жөндеу қызметкерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
«Судың, будың немесе ашық құдықтар анықталған кезде «Алматы жылу желілері» ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне жүгіну қажет: +7 (727) 378-06-65 және +7 (727) 378-06-98. Басқа да төтенше жағдай кезінде қалалық жедел қызметтерге қоңырау шалыңыз»,- делінген хабарламада.

Фото: Досжан Балабекұлы / Қазақ газеттері

402 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз