Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 21 Наурыз, 2023

Сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы - Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөйлеген сөзінде елдегі өзгерістер туралы айтты,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы көптеген бастамалардың сәтті жүзеге асып жатқанын айтты.

«Мен дәл бір жыл бұрын тың бастама көтердім. Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформалар ұсындым. Халық бұл бастамаларды қолдады. Біз жоспарымызды бір жылда табысты жүзеге асырдық.

Референдум арқылы Конституцияға маңызды өзгерістер енгіздік. Билік жүйесін қайта жасақтау үшін маңызды саяси шаралар іске асырылды», деді Мемлекет басшысы.

Президент 19 наурыз күні өткен сайлаудың маңызын айтып, оның наурыз мерекесімен қатар келуі бекер емес екенін атап өтті.

«Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты. Тарихи сәт Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар», деді Президент.

Фото:t.me/aqorda_resmi

294 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз