Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Наурыз, 2023

Бокстан әлем чемпионаты: Ләззат Күнгейбаева финалға жолдама алды

 Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ләззат Күнгейбаева финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем чемпионы, 35 жастағы Ләззат Күнгейбаева аса ауыр салмақта Еуропаның екі дүркін жүлдегері, әзербайжандық Айнұр Рзаевамен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Ләззатты басым деп тапты. Жекпе-жектің екінші бөлігінде олардың бәрі жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Қорытынды есеп – 5:0, Л.Күнгейбаеваның пайдасында.

Осылайша, финалға шыққан Карина Ибрагимова мен Ләззат Күнгейбаева алтын медаль үшін таласатын болса, Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтайға қола жүлде бұйырды.

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз